ҚОЗҒАЛЫС
Иілгіштік және дәлдік

Camozzi мини-цилиндрлер мен ISO цилиндрлерді қамтитын жетектердің толық қатарын ұсынады. Инновациялық нұсқаларға компакт-цилиндрлер, тот баспайтын болат бағыттағыш цилиндрлер, штоксыз цилиндрлер, айналмалы жетектер, қалып датчиктерімен біріктірілген және  қызмет көрсету өнімдері кіреді. 
Қатарды аяқтайтын - датчиктер, бағыттағыштар, тежегіштер, тиектер, аммортизация құрылғылары, бекіту элементтері және пневматикалық жүйені оңтайландыру үшін қажетті барлық құралдар

БАҚЫЛАУ
Инновациялық технологиялар

Басқару элементтері пневматикалық тізбектің орталық бөлігін білдіреді және дәлдік пен сенімділікке үлкен әсер етеді.
Camozzi әр сектордың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін әртүрлі көлем мен ағындағы кең ауқымды пневматикалық клапандар, электромагниттік клапандар мен клапан аралдарының пневматикалық жүйелердің сапасы мен тиімділігіне жоғары деңгейде кепілдік береді. Жоғары дәлдікті, тез жауап беруді және бақылауды оңтайландыруды қажет ететін қосымшалар үшін Camozzi қысымды, орналасуды және ағымды реттеу үшін пропорционалды технологиямен бірге бірқатар өнімдер әзірледі.

КҮТІМ
Сенімділік және жоғары өнімділік

Көп жағдайда пневматикалық жүйенің тиімділігі көбінесе қозғалысты қамтамасыз ететін ауа тазалығына тәуелді болады. Осы қажеттілікті қанағаттандыру үшін, Camozzi әртүрлі сүзу деңгейлері бар сүзгілерді, белсендірілген көмірмен, ұю сүзгілерімен, реттегіштермен, майлауыштармен, ұстап тұратын және жұмсақ бастауыш клапандармен қоса, модульдік ауа дайындау блоктардың толық спекторын ұсынады. Бұл модульдер қажетті қосымша құралдармен қоса налдын ала құрастырылған блоктар түрінде жеткізілуі мүмкін.

ҚОСУ ЖӘНЕ ВАКУУМ
Тәжірибе және сапа

Стандарттық қатарға жылдам, супер жылдам және әмбебап фитингтер, сондай-ақ қосалқы жабдықтар және жезден, технополимер мен тот баспайтын болаттан тез босатылатын қосындылар енеді. 
Вакуум құрамдас бөліктері Camozzi өнімдерін толықтырады, олар автоматтандырылған қозғалыстың жоғары сапалы өнімдерді қажет ететін қосымшалар үшін өте ыңғайлы, ұзақ уақыт өткеннен кейін тамаша тығыздауды қамтамасыз етеді.

ЭЛЕКТР ЖЕТЕГІ
Біздің клиенттерге арналған технологиялар

Camozzi-де өнеркәсіптік автоматтандыру саласындағы кез-келген қолданудың әртүрлі және спецификалық нақты талаптары бар екенін жақсы білеміз.
Клиенттеріміздің барлық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, біз электромеханикалық цилиндрлерді және қосалқы қозғалтқыштары бар осьтерді, қосымша компоненттерді толықтай реттелетін жүйелер ретінде біріктірілген C_Electrics-ды, электр жетегін шығаратын жаңа бизнес-бөлімшесін жасап,  біздің технологиялық ұсынысты кеңейте алдық.

АҒЫНДЫ БАҚЫЛАУ

C_Fluid басқару бөлімшесі Camozzi-дың ағынды басқару шешімдеріндегі тәжірибесі негізінде құрылды. Әртүрлі қолданыстарға қойылатын талаптар өсетіндіктен, сұйықтық пен газ тәріздес орталарда да ағынды бақылау және реттеу күрделі, алдыңғы қатарлы техникалық жетілдірілген компоненттерді талап етеді. Camozzi осы қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін бірегей беделге ие.

ӨНЕРКӘСІПТІК ШЕШІМДЕР

  • Micro_controls
  • Жалпы  мақсаты
  • Процесс: бақылау және реттеу

ӨМІР ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ ШЕШІМІ

  • Биотехнология
  • Медицинское оборудование