ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДРАЙВЕРЛЕР

 

  • КОРПОРАТИВТІК ПРОЦЕСТЕРДІ САНДЫҚ КОДТАУ 
  • INDUSTRY 4.0 СӘЙКЕС ӨНДІРІСТІК ПРОЦЕСТЕРДІ ҚАШЫҚТЫҚТАН БАСҚАРУ МЕН БАҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН ЖҮЙЕЛЕР БІРІГУІ
  • МЕНШІК ИЕЛІГІНІҢ ЖАЛПЫ ҚҰНДЫЛҒЫН ОҢТАЙЛАНДЫРАТЫН ШЕШІМДЕРДІ ӘЗІРЛЕУ
  • ЭНЕРГИЯЛЫҚ ТИІМДІЛІК
  • КОМПОНЕНТТЕРДІҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТІ
  • ТҰТЫНУШЫМЕН КЕРІ БАЙЛАНЫС НЕГІЗІНДЕ ӨНІМДІ ҮЗДІКСІЗ ӘЗІРЛЕУ
БІРІКТІРІЛГЕН ПРОЦЕСТЕРДІ БАСҚАРУ

Camozzi-дің құндылық ұсынысы уақыт өте сайын алдыңғы қатарлы заманауи жаңа технологиялармен жетекші салалық ұстанымдарды біріктіру тәжірибесі арқасында  арта түсті. Біздің инновацияларды ынталандыратын бастамалар жаңа өнімдерді зерттеуге және оларды нарыққа шығару үшін қажетті процестер мен іс-әрекеттерге негізделеді.

Camozzi инновациялық жүйесі жалпы сапа менеджменті (TQM), үнемді өндіріс (LPS) және жеткізу тізбегін басқару (SCM) қағидаттарына негізделген топтың жұмысында ерекше орын алады.

Бұл қағидалар он жылдық үздіксіз жетілдіруде  өз көрінісін тапты, өйткені біз өндірістің әрбір салаларында қалдықтарды және тиімсіздікті толығымен жоюға тырысамыз.

ЖАЛПЫ САПА МЕНЕДЖМЕНТІ (TQM)

Жалпы сапа менедментінің (TQM) принциптері Camozzi-дің барлық ұйымына қолданылады. Біз тұтынушыларымыздың үміттеріне сай және одан да асу үшін, сапасы мен өнімділігін үздіксіз арттырып отыруға тырысамыз. Негізінде, TQM ұзақ мерзімді табысқа жетуге көмектесетін «басқару» тәсілі болып табылады.

TQM компания қолданылатын жалпы сапа шараларын, соның ішінде жобалау мен әзірлеуді басқару, сапаны бақылау және қызмет көрсету, сапаны арттыру мен қамтамасыз етуді қарастырады.

TQM барлық деңгейдегі сапаның кешендік шараларды қарастырады және барлық қызметкерлерді тартады.

Camozzi-де біздің ұйымның барлық мүшелері процестерді, өнімдер мен қызметтерді  сондай-ақ компанияның мәдениетін жетілдіруге белсенді қатысады.

ҮНЕМДІ ӨНДІРІС ПРИНЦИПТЕРІ

Camozzi Тобының барлық компаниялары, олар жұмыс істеп тұрған секторға қарамастан, процестер мен іс-әрекеттерді басқаруға бірдей «Үнемдеу Принциптерін» ұстанады. Бұл тұжырымдама өндіріс ортасына қарағанда әлдеқайда негізі болып табылады.

Компаниядағы кез-келген әрекеттер мен процестер бірдей мақсатқа ие: тиімділікті арттыру және қалдықтарды азайту.

Camozzi-де, бұл ең алдымен, барлық деңгейде қызметкерлердің мүмкіндіктерін кеңейту арқылы қол жеткізіледі. Әрбір қызметкер өндіріс циклін бақылауға және тоқтатуға мүмкіндігі бар, егер де өндіріс ақауы пайда болса, яғни дереу түзету шаралары қолданылуы мүмкін және қате туралы хабарлама орталықтандырылған басқару жүйесінде нақты уақытта көрсетіледі. Мұның бәрі жоғары сапалы стандарттардың ұстанылуын қамтамасыз етеді.

Бұдан басқа, Camozzi «дәл уақытында» әдістерін пайдаланады, соның нәтижесінде әрбір процесс тек келесі процесс үшін қажетті, дәл уақытында және нақты мөлшерде қажет болғанда ғана өндіреді, ол тиімсіз аралық резервтік қорлардың және қажетсіз сақтау шығындардың айтарлықтай төмендеуіне әкеледі.

ЖЕТКІЗУ ТІЗБЕГІН БАСҚАРУ (SCM)

Сіз бизнесіңізді өзіңіздің шұғыл қажеттіліктеріңізге жылдам жауап бере алатын және сіздің жұмысыңыздың талаптарын сәтті қолдай алатын сенімді және дәйекті серіктеске сенімді басқара алатыныңызды елестетіп көріңіз. Camozzi компаниясында, жеткізу тізбегін басқару (SCM) клиенттерге тамаша қызмет көрсету мен құндылықтарды құрудың негізгі элементі болып табылады деп санаймыз. Біз жеткізілімнен бастап таратуды басқаруға дейін, логистикалық тізбектің сапасын арттыра отырып, тұтынушылар тәжірибесін оңтайландыруға  ұмтыламыз.

Тапсырыстарды уақтылы орындау, негізгі "7 құқықта" -  клиенттерімізге қажетті өнімдерді, дәл уақытында, дұрыс мөлшерде, сапасы, сәйкестік немесе бағасына зияны тимей алуына  кепілдік береді.

Үздіксіз жетілдіруге деген ұмтылысымыз, тұтынушылық қажеттіліктерімізді толықтай қанағаттандыруға, экономикалық және нарықтық белгісіздік жағдайларында және күрделі және жаһандық бәсекелестікте де қызмет көрсетудің күткенін қанағаттандыруға және одан асатындығына кепілдік береді

Mechatronic Application Research Center
Certifications
Ecoefficiency